Нұсқаулық
Тіркелуден бірінші чекке дейін — өзіңіз, қоңыраусыз әрі шебер шақыртпай. Windows 10/11-дегі компьютер мен интернет керек.
-
01
Мекемеңізді тіркеңіз
Бір форманы толтырыңыз: атауы, мекеме түрі, неше үстел, жүйедегі мекенжай, email, құпиясөз және 4 саннан тұратын PIN-код. Кафе, кофехана мен мейрамханаға бастапқы мәзір бірден қосылады — кейін оны өзгерте аласыз. «Мекеме жасау» батырмасын басыңыз: касса бірден ашылады, қайта кірудің қажеті жоқ.
Тегін бастауЖүйедегі мекенжай
- Сіз жазасыз
- aru
- Сілтемеңіз
- aru.revopos.kz
-
02
Кафені браузерде баптаңыз
Бәрі сілтемеңізде, кез келген компьютердің браузерінде бапталады. Иесі барлық бөлімді көреді.
- «Баптаулар» → «Бөлімдер»: қолданатыныңызды қосыңыз — зал, ас үй, қойма, бонустар.
- «Мәзір» → «Тағам қосу»: тағамдарыңыз, бағасы мен санаттары.
- «Баптаулар» → «Зал»: үстелдер мен олардың нөмірлері.
- «Команда» → «Қызметкер қосу»: әрқайсысының өз рөлі мен өз PIN-і бар.
- «Баптаулар» → «Рөлдер»: әр рөл қай бөлімді көреді.
-
03
Кассаны жүктеп, орнатыңыз
RevoPOS-Kassa-Setup.exe файлын касса тұратын компьютерге жүктеп, іске қосыңыз. Бағдарламада әзірге цифрлық қолтаңба жоқ, сондықтан алғаш іске қосқанда Windows ескерту көрсетеді: «Подробнее», сосын «Выполнить в любом случае» батырмасын басыңыз (ағылшынша Windows-та: More info → Run anyway).
- Windows 10 не 11, 64-бит.
- Әкімші құқығы керек емес.
- Касса Windows-пен бірге өзі қосылады.
Кассаны жүктеу (.exe)«Windows защитил ваш компьютер»
- 1
- «Подробнее»
- 2
- «Выполнить в любом случае»
-
04
Кафенің мекенжайын енгізіп, кіріңіз
Алғаш іске қосқанда касса кафенің мекенжайын сұрайды: aru не толық сілтемені (https://aru.revopos.kz) жазып, «Қосылу» батырмасын басыңыз. Кафеңіздің кіру беті ашылады — иесі email мен құпиясөзбен бір рет кіреді. Одан кейін кассада PIN экраны тұрады: әр қызметкер өз PIN-кодымен кіреді.
Кассаға кіру
- Мекенжай
- aru
- Иесі
- email мен құпиясөз, бір рет
- Қызметкерлер
- өз PIN-і
-
05
Принтерлерді қосыңыз
Термопринтер болса, Ctrl+Shift+P басыңыз — принтерлер терезесі ашылады. Чекке, ас үйге және барға Windows принтерін таңдап, «Тест» басыңыз: тексеру парағы шығады. Бар принтері болмаса, бар бегуноктары ас үй принтеріне, ол да болмаса — чек принтеріне кетеді.
- Ас үйге бегунок: дәл осы кассада «Баптаулар» → «Жабдық» бөлімін ашып, «Осы кассаны қосу» батырмасын басыңыз. Содан кейін касса ас үй мен бар бегуноктарын өзі басады.
Пернелер
- Ctrl+Shift+P
- принтерлер
- Ctrl+Shift+F10
- кафе мекенжайын өзгерту
- F11
- толық экран
-
06
Ауысымды ашып, алғашқы сатуды жасаңыз
Кассада «Ауысымды ашу» батырмасын басып, кассадағы қолма-қол ақшаны көрсетіңіз. Әрі қарай — санат, тағам, төлем: чек принтерге кетеді, ал сатылым иесінің есептерінде бірден көрінеді.
Сұрақтар
Бағдарлама өзі жаңара ма?
Иә. Кассаның өзі сайтта тұрады, сондықтан жаңа мүмкіндіктер қайта орнатусыз келеді. Windows бағдарламасы да өзі жаңарады: жаңа нұсқа фонда жүктеліп, касса бос тұрғанда орнатылады.
Бағдарламасыз, браузерде жұмыс істеуге бола ма?
Болады: сілтемеңізді кез келген компьютердегі Chrome-да ашыңыз. Windows бағдарламасы таңдалған принтерге артық терезесіз басуды, ас үйге бегунокты және Windows-пен бірге қосылуды береді. Браузерде чек кәдімгі басып шығару терезесі арқылы басылады.
Кафенің мекенжайын ұмытып қалдым. Не істеймін?
revopos.kz/login бетін ашып, иесінің email-ін енгізіңіз — кафеңізді тауып, оның кіру бетін ашамыз.
Кассаны екінші компьютерге қалай орнатамын?
Дәл солай: бағдарламаны жүктеп, кафенің сол мекенжайын енгізіңіз. Иесі әр компьютерде бір рет кіреді, әрі қарай — PIN.
Тіркелуден бастаңыз
Бір форма — касса бірден ашылады. Бір қадамда тоқтап қалдыңыз ба? Көмектесеміз.